«Таза Қазақстан” республикалық акциясы аясында ұйымдастырылып жатқан игі бастамалардың жарқын көрінісі ретінде Шыңғырлау және Бөрлі аудандары жастарының жолдастық кездесуі өтті. Шыңғырлау аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткен бұл шара тек сенбілік шеңберінде шектелмей, кең ауқымды рухани әрі әлеуметтік мәні бар кездесу алаңына айналды.
Шыңғырлау ауданының Амангелді елдімекенінде оздырылған шараға 70-ке жуық жастар қатысты. Шыңғырлау — Ақсай облыстық маңызы бар тас жолының бойында тазалық жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында тазалық жұмыстары ғана емес, ұлттық ойындардан сайыстар, түрлі спорттық жарыстар, сондай-ақ заманауи креативті ойындар ұйымдастырылды.

