Categories Жайық news

Шымкент сталкерлер мен мәжбүрлі некеден көш бастап тұр: Бектенов жаңа статистиканы жариялады

Қазақстанда әйелдерді қудалау (сталкинг) және некеге тұруға мәжбүрлеу үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілгеннен бері жүзден астам іс тіркелді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Премьер-министр Олжас Бектеновтің мәліметінше, заң күшіне енген уақыттан бері елімізде 79 адамға қатысты әйелді қудалау, яғни сталкинг фактісі бойынша іс қозғалған. Сонымен қатар 31 некеге тұруға мәжбүрлеу дерегі анықталған.

Сталкинг бойынша қылмыстық істердің басым бөлігі үш мегаполиске тиесілі. Бұл тізімде Шымкент қаласы (23 іс) көш бастап тұр. Одан кейінгі орындарда Астана (16 іс) мен Алматы (8 іс) қалалары орналасқан.

Ал некеге мәжбүрлеу қылмысы ең көп тіркелген өңірлер – Шымкент қаласы (15 факт) және Түркістан облысы (10 факт).

Бұған дейін Ішкі істер министрлігі қыркүйек айынан бері әйелді қудалауға қатысты 36 істің сотқа жолданғанын хабарлаған болатын.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Қазталов ауданында Эйфель мұнарасының көшірмесі пайда болады

Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданындағы Жалпақтал ауылында Эйфель мұнарасының көшірмесі тұрғызылады.

Астанада заңсыз көпқабатты үй құрылысы тоқтатылды: әкімдік неге араласты?

Астананың «Нұра» ауданында заңсыз көппәтерлі үй құрылысы тоқтатылды. Мердігер рұқсатсыз жұмыс жүргізген.

«Орал–Атырау» тасжолы орташа жөндеуден өтуде  

Республикалық маңызы бар «Орал–Атырау» тасжолының жалпы ұзындығы 500 шақырымға жуықтаса, БҚО-дағы бөлігі 303 шақырымды құрайды.…