Сурет: Report
Шри-Ланкада бұрынғы президент Махинда Раджапакстың екінші ұлы Йошита Раджапакса ұсталды. Оны Сыбайлас жемқорлыққа қарсы айыптауларды тергеу комиссиясы (CIABOC) қамауға алды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Бұған дейін Йошита Раджапакса тергеуге байланысты комиссияға келіп, Шри-Ланка Әскери-теңіз күштеріне қызметке қабылдануы және Ұлыбританиядағы Корольдік әскери-теңіз академиясында оқуы бойынша жауап берген.
Дереккөздер бұл іс антикоррупциялық орган жүргізіп жатқан кең ауқымды тексерудің бір бөлігі екенін айтады. Қазіргі уақытта оған тағылған айыптардың нақты мазмұны мен қамауға алу себептері жарияланған жоқ.

