Categories Жайық news

Шерзат Полаттың өлімі: Жоғарғы сот сотталған екі жігіттің үкімін өзгертпеді

Жоғарғы сот жасөспірім Шерзат Полаттың өліміне қатысты сотталған Азамат Тоқтаубаев пен Дидар Қалиахметтің үкімін өзгеріссіз қалдырды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Сот алқасы 15 жылға сотталған Азамат Тоқтаубаев пен 7 жылға бас бостандығынан айырылған Дидар Қалиахметтің кассациялық шағымын қарады.

Сотталушылардың адвокаттары біреуінің мүлдем кінәсіз екенін, ал екіншісінің бабын жеңілдетуді сұраған. Қорғаушы тарап олардың төбелеске қатысы жоғын және кінәларын дәлелдейтін айғақтардың жоқтығын алға тартты.

Алайда Жоғарғы сот қорғаушы тараптың уәждерін қабылдамады. Соттың мәліметінше, екеуінің де шабуылдаушылар тобында әрекет етіп, қақтығысқа белсенді қатысқаны толық дәлелденген. Осылайша, бұрын шығарылған сот үкімдері өз күшінде қалды.

Талғарда 2023 жылдың қазанында болған бұл қайғылы оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырған еді. Жасөспірімнің өліміне қатысты іс бойынша жалпы тоғыз адам сотталып, олар бір жарым жылдан 23 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын алған.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Тоқаев «Батыс» өңірлік қолбасшылығының басшысын ауыстырды: Жаңа қолбасшы кім?

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Нұрлан Кәрібаев "Батыс" өңірлік қолбасшылығының жаңа басшысы болып тағайындалды.

Онкология, білім және спорт: «Қазақстан халқына» қоры 134 жаңа жобаны қаржыландырады

Президент Тоқаев "Қазақстан халқына" қорының басшысымен кездесті. Елде онкология, білім және спорт салаларында 134 жаңа…

Түркияда мектепке шабуыл жасалды: 18 адамды жаралаған оқушы өз-өзіне қол салды

Түркияның Шанлыурфа провинциясында мектептің бұрынғы оқушысы қарулы шабуыл жасады. Ол 18 адамды жаралап, кейін өз-өзіне…