Сурет: Ашық дереккөзден
Мароккодан Испанияның Сеута анклавына мыңдаған мигранттың жаппай өту қаупі қайта туындады. Осыған байланысты Испания шекара маңындағы қауіпсіздік шараларын күшейтіп, шамамен 1,5 мың әскери қызметкер мен арнайы техниканы жұмылдырды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Марокко тарапы да шекараға қосымша күштер орналастырып, бақылауды күшейтті.
Сеута — Африкадағы Еуропалық Одақтың негізгі құрлықтық шекараларының бірі. Сондықтан мұндағы кез келген миграциялық шиеленіс Испанияға ғана емес, жалпы Еуропалық одақтың көші-қон саясатына әсер етуі мүмкін. Осыған байланысты ЕО билігі де дабыл қағуда.
Мазмұнға өту
