Сурет: Атамекен бизнес порталы
Биыл 1 маусымнан бастап Ресей Федерациясы ЕАЭО елдерінен автомобиль көлігімен әкелінетін тауарларға арналған Тауарларды күтуді растау жүйесін (СПОТ) енгізеді. Бұл жаңашылдық қазақстандық экспорттаушыларға тікелей әсер етеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
СПОТ жүйесі – бұл Ресейге тауар жөнелтілгенге дейін оның кедендік рәсімдеуден өткенін растайтын электронды құжат. Енді қазақстандық кәсіпкерлер жүктерін Ресейге жібермес бұрын, арнайы портал арқылы алдын ала хабарлама беруі керек.
«Жаңа жүйе кедендік бақылауды жеңілдетуге және уақытты қысқартуға бағытталған, бірақ дайындықсыз кәсіпкерлер қиындыққа тап болуы мүмкін», – дейді сарапшылар.
Қазақстандық бизнес өкілдеріне СПОТ жүйесіне тіркеліп, құжаттарды уақытында рәсімдеуге кеңес беріледі. Әйтпесе, тауарлар Ресей шекарасында кідіріп, шығынға ұшырауы ықтимал.

