Categories Саясат

Ресей Трамптың соғысты дереу тоқтату ұсынысын қабылдамады

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров АҚШ президенті Дональд Трамптың ұрысты дереу тоқтату туралы бастамасын қолайсыз деп бағалады.

Оның айтуынша, Владимир Путин мен Трамп бұған дейін Аляскада өткен келіссөздерде соғыс қимылдарын ұзақ мерзімді тоқтату мүмкіндігін қарастырған. Алайда майдан шебінде соғысты бірден тоқтату Ресейдің мүддесіне сай келмейді.

«Трамптың қазіргі ұсынысы соғыстың түпкі себептерін елемей отыр. Ресей өз талаптарынан бас тартпайды. Бұл бастама Киевтегі билікті сақтап қалуға бағытталған», — деді Лавров.

Министрдің сөзінше, Мәскеу тұрақты бейбіт келісімге тек өз шарттары орындалған жағдайда ғана дайын екенін мәлімдеді.

сурет: ашық дереккөз

Ұқсас жазбалар

«Hilton қонақүйін күштеп тартып алған»: депутат Бапи тексеруді талап етті

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи астанадағы Hilton қонақүйіне қатысты дауды тексеруді талап етті. Оның айтуынша, ғимарат…

Қазақстан әскерінің жауынгерлік әзірлігі сыналды: Бас штаб бастығы шығыс гарнизондарды тексерді

Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары Қаныш Әбубәкіров шығыс гарнизондардағы әскери бөлімдердің жауынгерлік дайындығын тексерді. Нәтижелері бойынша…

Автоқоңырауларға тыйым салынады: депутат заң жобасын ұсынды

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов автоқоңырауларға тыйым салып, оларды SMS-пен алмастыруды ұсынды.