Әлем

Ресей дизель отынын экспорттауға толық тыйым салды

Сурет: Egemen Qazaqstan

Ресей дизель отынын экспорттауға толық тыйым салды. Бұл туралы Ресей премьер-министрінің орынбасары Александр Новак мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, елдің ішкі жанармай нарығындағы жағдай әлі де күрделі. Мотор отынына сұраныс шамамен үштен бірге артқан. Новактың сөзінше, осыған байланысты Ресей шілде айынан бастап мұнай өнімдерін импорттай бастайды.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, Ресей Үндістаннан теңіз арқылы бензин импортын бастаған. Агенттік дерегіне сәйкес, Үндістаннан кемінде 60 мың тонна автобензин жөнелтілген. Дереккөздердің бірі әрқайсысы 30-40 мың тонна бензин тиеген екі танкер Ресейге бағыт алғанын айтты.

Тағы бір ақпарат көзі Мәскеу ай сайын әртүрлі елдерден, соның ішінде Беларусьтен шамамен 400 мың тонна бензин импорттауды жоспарлап отырғанын жеткізді. Басылымның мәліметінше, қазіргі уақытта жанармай тапшылығы Ресейдің көптеген өңірінде байқалады.

Сейсенбі күні Кремль елге «қолайлы бағамен» жанармай импорттау мәселесі талқыланып жатқанын растады.

Көп оқылғандар