Сурет: ашық дереккөзден
Қытайлық Bilibili видеохостингі әлемдік нарыққа шығатынын жариялады. Алайда әзірге нақты мерзімі белгісіз. Компания пайдаланушыларға тек «жаңартуларды қадағалап отыруды» ұсынды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Қосымшаны қазірдің өзінде жүктеп алуға болады. Дегенмен интерфейстің едәуір бөлігі әзірге қытай тілінде.
Алғашында Bilibili аниме, комикс және ойын жанкүйерлеріне арналған платформа ретінде танылды. Уақыт өте келе онда деректі фильмдер, түрлі шоу бағдарламалар мен авторлық жобалар пайда болды. Ал бейненің үстінен үздіксіз шығып тұратын danmu пікірлері контент көруді өзінше бір шоуға айналдырады.
Енді қытайлық видеосервис әдеттегі аудиториясының аясынан шығып, халықаралық нарықты бағындырмақ. Әлеуметтік желілерде Bilibili-ді бейресми түрде «қытайлық YouTube» деп атап жүр.
Мазмұнға өту
