Сурет: CCTV
Бейжіңде Қытай Коммунистік партиясының 105 жылдығына арналған салтанатты шарада ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин ел дамуына елеулі үлес қосқан 8 адамға «1 шілде» орденін табыстады. Марапатталғандардың арасында қазақ ұлтының өкілі, дәрігер Оқас Сүлеймен де бар, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Оқас Сүлеймен 40 жылдан астам уақыт Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданындағы Дөрбілжін елді мекенінде дәрігер болып қызмет еткен. Ол ондаған жыл бойы ыстық-суыққа қарамастан, шалғайдағы малшы ауылдарға атпен барып, тұрғындарға медициналық көмек көрсеткен.
Дәрігер еңбек жолында 100 мыңнан астам науқасты қабылдап, мыңдаған адамның өмірін сақтап қалған. Сондай-ақ 3200-ден астам сәбидің дүниеге келуіне көмектескен.
«1 шілде» ордені – Қытайдағы ең беделді партиялық марапаттардың бірі. 2017 жылы тағайындалғаннан бері бұл наградаға небәрі 37 адам ие болған.

