Сурет: Egemen Qazaqstan
Қытай аумағында магнитудасы 6,3 болатын жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстан Ұлттық ядролық орталығының Геофизикалық зерттеулер институты жанындағы деректер орталығының жедел мәліметінше, жер сілкінісі 16 маусым күні Астана уақытымен 14:06-да тіркелген. Эпицентр координаттары: солтүстік ендік 37,88 градус, шығыс бойлық 95,65 градус. Магнитудасы mb=6,3, энергетикалық класы K=15,4.

