Әлем

Қытайда магнитудасы 6,3 болатын жер сілкінісі тіркелді

Сурет: Egemen Qazaqstan

Қытай аумағында магнитудасы 6,3 болатын жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан Ұлттық ядролық орталығының Геофизикалық зерттеулер институты жанындағы деректер орталығының жедел мәліметтеріне сәйкес, жер сілкінісі 16 маусым күні Астана уақытымен 14:06-да тіркелген.

Эпицентр координаттары: солтүстік ендік 37,88 градус, шығыс бойлық 95,65 градус. Магнитудасы mb=6,3. Энергетикалық класс K=15,4.

Көп оқылғандар