Сурет: Istockphoto.com
Қытайдың оңтүстік-батысындағы Сычуань провинциясында магнитудасы 5 болатын екі жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Алдын ала деректерге сүйенсек, екі сілкіністің де эпицентрі Ибинь қалалық округіне қарасты Гао уезінде орналасқан. Алғашқы дүмпудің ошағы 8 шақырым тереңдікте болған.
Қазіргі уақытта зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат жоқ. Жергілікті билік жағдайды бақылап, өңірдегі ахуалды бағалау жұмыстарын жүргізіп жатыр.

