Әлем

Қытайда 5,5 балдық жер сілкінісінен кейін жедел әрекет ету режимі енгізілді

Сурет: hurriyet.com.tr

Қытайдың сейсмологиялық басқармасы Сычуань провинциясының Ибинь қалалық округіне қарасты Гаосянь округінде 5,5 балдық жер сілкінісінен кейін 3-деңгейдегі жедел әрекет ету режимін іске қосты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Қытайдың сейсмологиялық желілер орталығының дерегінше, жер сілкінісі 29 маусымда Бейжің уақытымен түнгі 00:12-де болған. Эпицентр солтүстік ендіктің 28,50 градусы мен шығыс бойлықтың 104,69 градусында орналасқан. Гипоцентр тереңдігі 6 км-ді құраған.

Қытайда төтенше жағдайларды жоюдың төрт деңгейлі жүйесі бар, оның ішінде 1-деңгей ең жоғары болып саналады.

Көп оқылғандар