Сурет: Egemen Qazaqstan
Қытай 10 шілдеде ұшырылған «Чанчжэн-10В» зымыран тасығышының бірінші сатысын алғаш рет теңіз платформасына сәтті қондырды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
«Синьхуа» агенттігінің мәліметінше, зымыран пайдалы жүкті Жер орбитасына шығарған соң, оның бірінші сатысы екінші сатыдан ажырап, Жерге қайта оралды. Бірінші саты теңіздегі арнайы платформаға қонып, оны торлы ұстау жүйесі сәтті қарсы алды.
Бұл жетістік Қытайдың қайта пайдаланылатын зымыран технологияларын дамытудағы маңызды қадамдардың бірі болып саналады.
Мазмұнға өту
