Categories Әлем

Қытай АҚШ-тың 10 компаниясына санкция енгізді

Сурет: Egemen Qazaqstan

Қытай АҚШ-пен сауда және технология саласындағы текетірестің күшеюіне байланысты америкалық 10 компанияға экспорттық шектеулер енгізді. Бұл шешім Вашингтонның Қытайдың бірқатар ірі компанияларын әскери құрылымдармен байланысы бар ұйымдар тізіміне қосуына жауап ретінде қабылданды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Қытайдың Сауда министрлігінің мәліметінше, қорғаныс өнеркәсібі, аэроғарыш саласы және сирек кездесетін металдарды өндірумен айналысатын америкалық компанияларға қытайлық экспорттаушылардың қос мақсатта қолданылатын тауарларды жеткізуіне тыйым салынады.

Ведомство бұл шараны АҚШ үкіметінің Қытай кәсіпорындарын «қытайлық әскери компаниялар» тізіміне енгізуіне жауап әрі ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қабылданған қадам деп атады.

Сонымен қатар Қытайдың Қаржы министрлігі мемлекеттік мекемелерге америкалық 46 компанияның өнімдерін сатып алуға тыйым салды. Бұл тізімге қорғаныс саласындағы ірі мердігерлердің бөлімшелері де енген.

Сарапшылардың айтуынша, санкциялар АҚШ президенті мен Қытай төрағасы арасындағы қарым-қатынасты тұрақтандыруға бағытталған келіссөздерден кейін бір ай өткен соң енгізіліп отыр. Тараптар кедендік тарифтерді төмендету жөнінде уағдаласқанымен, технология және қорғаныс салаларындағы бәсекелестік қайтадан шиеленісе түскен.

Осы айдың басында АҚШ Қорғаныс министрлігі қытайлық бірқатар алпауыт компанияны әскери құрылымдармен байланысты ұйымдар қатарына енгізген болатын. Олардың арасында Alibaba, Baidu және BYD сияқты ірі корпорациялар бар. Мұндай мәртебе бұл компаниялардың АҚШ әскери келісімшарттарына қатысу мүмкіндігін шектейді.

Baidu компаниясы өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарып, мұндай мәлімдемелердің ешқандай дәлелге негізделмегенін мәлімдеді.

Қытай енгізген жаңа экспорттық шектеулер тек өз аумағындағы жеткізушілерге ғана емес, сондай-ақ қытайлық қос мақсаттағы өнімдерді аталған америкалық компанияларға қайта экспорттайтын кез келген елдің ұйымдары мен азаматтарына да қатысты болады.

Санкция салынған компаниялардың қатарында: AVEOX, Red Cat Holdings, Teal Drones, IMSAR, Jaia Robotics, Ball Aerospace & Technologies, Oshkosh Defense, L3Harris Maritime Services, MP Materials және USA Rare Earth бар.

Ұқсас жазбалар

Трансұлттық қылмыстық топты басқарған күдікті Польшадан экстрадицияланды

Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігі Интерполының қызметкерлері Украина азаматын есірткі саудасымен айналысқан трансұлттық қылмыстық…

Президент Еуропалық Одақ жетекшілерімен нәтижелі келіссөздер жүргізді

Мемлекет басшысы Еуропалық Кеңестің Президенті Антониу Кошта және Еуропалық Комиссияның Президенті Урсула фон дер Ляйенмен…

Әскердегі әйелдер саны: жаһандық рейтинг нені көрсетті?

Әйелдердің әскери қызметке қатысуы артып келеді. Солтүстік Корея көшбасшы, Израиль екінші, Оңтүстік Африка үшінші орында.