Сурет: Freepik
Қырғызстан көмірді автомобиль көлігімен экспорттауға салынған тыйым мерзімін алты айға ұзартты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Тиісті қаулыға Қырғыз Республикасы Министрлер Кабинетінің шешімімен қол қойылды. Құжатқа сәйкес, «Иркештам-Автодорожный» және «Торугарт-Автодорожный» автомобиль жолдарының өткізу пункттері босатылған.
Шектеу Қырғыз Республикасы Энергетика министрлігіне қарасты «Қырғызкөмір» мемлекеттік кәсіпорнына және 2702 кодтары бойынша жіктелген көмірді Қырғызстанның мемлекеттік шекарасынан өткізу пункттері арқылы автомобиль көлігімен экспорттауға қолданылмайды.
Бұған дейін Қырғызстан ағаш және ағаш материалдарын экспорттауға тыйым салу мерзімін ұзартқан болатын.

