Сурет: bydastan.kz
Қазақстандық танымал тревел-блогер Дастан Мұхамедрахым Моңғолияда АҚШ президенті Дональд Трамптың үлкен ұлымен кездесіп, оған қазақтың ұлттық шапанын тарту етті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Блогер бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді. Оның айтуынша, олар табиғат аясында үш күн бірге демалып, бір дастарханнан дәм татып, жақын танысқан. Кездесу барысында Дональд Трамп-кіші қазақстандық блогердің контентін жоғары бағалап, оның әлеуметтік парақшасына жазылған. Дастан шетелдік қонаққа қазақтың ұлттық киімін кигізіп, шапан сыйлағанын көрсетті.
«Голливудта болмаған нәрсе, шын өмірде болып жатыр. Менің өзеннен өтіп жатқан видеомды Трамптың баласы өзі түсіріп тұр десем, найзағай ма?» — деп әзіл аралас жазба қалдырды.
Блогер бұл кездесу арқылы алдағы уақытта әлемнің танымал тұлғаларын Қазақстанға шақырып, елдің туристік әлеуетін паш етсем деген ниетін білдірді.
