Қазақстанда ұшатын таксилер пайда болады: министр жобаны таныстырды

Қазақстанда ұшатын таксилер мен азаматтық авиацияны цифрландыру жобасы іске қосылады. Бұл туралы Үкімет отырысында Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Министрдің айтуынша, қалалық аэротакси жобасы қала ішінде жолаушыларды жылдам әрі ыңғайлы тасымалдауға мүмкіндік береді. Бұл бастама еліміздің көлік жүйесін жаңғыртуға бағытталған.

«Біз авиациялық инфрақұрылымды цифрландыру арқылы қызмет көрсету сапасын арттырамыз. Ұшатын таксилер – болашақтың көлігі», – деді Нұрлан Сауранбаев.

Жобаны жүзеге асыру үшін арнайы заңнамалық өзгерістер енгізіледі. Алғашқы сынақтар ірі қалаларда өтеді деп жоспарлануда.

Ұқсас жазбалар

Елімізде жол-көлік оқиғаларынан қаза тапқандар саны 20%-ға азайды

ІІМ мәліметінше, жол апатынан қаза тапқандар саны 20%-ға, жарақат алғандар саны 7%-ға азайған. Қоғамдық орындардағы…

Пәкістанда автобус шатқалға құлап, 40 адам қаза тапты

Пәкістанда автобус шатқалға құлап, 40 адам қаза тапты. Апат кезінде автобуста 48 адам болған, 8…

АҚШ-та 64 жастағы әйел қызы мен төрт немересін улап өлтірді

АҚШ-тың Нью-Йорк штатындағы Механиквилл қаласында 64 жастағы әйел өзін, қызын және төрт немересін улап өлтірді.…