Сурет: istockphoto.com
Қазақстанда азаматтардың дербес деректерінің жаппай таралуына қатысты жаңа санкциялар енгізу мәселесі қаралып жатыр. Сонымен қатар билік азаматтардың ақпараттарымен жұмыс істейтін компаниялар мен мемлекеттік органдарға бақылауды күшейтпек, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
2026 жылдың алғашқы жеті айында осы салада 90 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген. Ал әкімшілік жауапкершілікке тартылғандар саны төрт еседен астам өскен. Құқық бұзушылықтар үшін салынатын айыппұл мөлшері бұған дейін ұлғайтылып, 1000-2000 АЕК-ке дейін жетті.
Министрлік мәліметінше, деректердің таралып кетуіне көбіне қызметкерлердің қателігі себеп болады. Атап айтқанда, құпиясөздерді үшінші тұлғаларға беру, ақпаратқа қажетсіз қолжетімділік ұсыну және деректерді заңсыз көшіріп алу жағдайлары кездеседі.
Енді ұйым басшыларына ақпараттың қорғалуын жеке бақылау міндеті жүктелмек.
Мазмұнға өту
