Categories Жайық news

Қазақстанда «Алтын белгі» бағасы шарықтап кетті: Бір медаль құны 27 мың теңгеден асты

Биыл мектеп бітіруші үздік оқушыларға арналған «Алтын белгі» төсбелгісін жасауға бюджеттен 231,3 миллион теңге жұмсалады, бұл былтырғымен салыстырғанда әлдеқайда көп, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Оқу-ағарту министрлігінің тапсырысы бойынша биыл 8 мыңнан астам «Алтын белгі» дайындалады. Мемлекеттік сатып алу порталындағы дерекке сәйкес, бір төсбелгінің құны – 27 695 теңге.

Тапсырысты орындаушы – Қазақстан теңге сарайы. Мекеме жұмысты мамыр айының соңына дейін аяқтауы тиіс.

Төсбелгі бағасы соңғы үш жылда айтарлықтай өскен. Мәселен, 2023 жылы бір «Алтын белгінің» өзіндік құны 16 520 теңге болған еді. Осылайша, бір жыл ішінде медаль 11 мың теңгеден астам сомаға қымбаттаған.

Сонымен қатар, үздік оқушылардың саны да артқаны байқалады. Былтыр министрлік небәрі 5 500 төсбелгіге тапсырыс берген болатын.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

«Тамырымыз бір»: Тоқаев Моңғолия президентімен Астанада маңызды келіссөз өткізді

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Моңғолия президенті Ухнаагийн Хурэлсух Астанада келіссөз жүргізіп, стратегиялық серіктестік мәселесін талқылады.

Қазақстанда мүгедектер арбасы мен протездерді тарату ережесі өзгереді: Енді олар жалға беріледі

Қазақстанда мүгедектер арбасы мен протездерді беру тәртібі өзгереді. Еңбек министрлігі оңалту құралдарын енді біржола емес,…

Алматы Мұхтар Шахановпен қоштасып жатыр: Ақын Арыстан баб кесенесінің жанына жерленеді

Алматыда көрнекті ақын Мұхтар Шахановты ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтіп жатыр. Марқұмның денесі Түркістан…