Спорт

Қазақстан құрамасы Молдоваға 1:2 есебімен жол берді

Сурет: Egemen Qazaqstan

Қазақстан ұлттық құрамасы Ұлттар лигасының С лигасында Молдова командасымен кездесіп, 1:2 есебімен жеңіліс тапты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Кишиневтегі «Зимбру» стадионында өткен матчты италиялық төреші Андреа Коломбо басқарған қазылар бригадасы басқарды.

Бірінші таймда алаң иелері басымдық танытты. Қазақстандық футболшылар қарсы шабуылдар арқылы жауап қайтаруға тырысты. Алайда үзіліске аз уақыт қалғанда Петру Попеску алыстан әдемі гол соғып, Молдованы алға шығарды.

Екінші таймда Қазақстан ойын қарқынын күшейтті. 51-минутта Ислам Чесноков есепті теңестірді. Бұл сәтте Молдова қақпашысы Дмитрий Челядник қателік жіберді.

Дегенмен 77-минутта Петру Попеску тағы бір гол соғып, дубль авторы атанды. Осылайша Молдова 2:1 есебімен жеңіске жетті.

Осы жеңілістен кейін Қазақстан құрамасының еншісінде екі ұпай қалып, өз тобында соңғы орында тұр.

Қазақстан топтық кезеңдегі соңғы матчын 16 қарашада өз алаңында Словакияға қарсы өткізеді.

Естеріңізге салайық, Қазақстан әйелдер құрамасының Ұлттар лигасындағы қарсыластары анықталды. Жеребе қорытындысы бойынша Қазақстан С лигасының алтыншы тобына түсті. Бұл топта отандастарымыз Черногория және Армения құрамаларымен кездеседі.

Бапкер ауысқанымен, мәселе шешіле ме? Теңбіл доп төңірегінде «Егемен Қазақстан» тілшісі хронологиялық талдау жасады.

Көп оқылғандар