Қазақстан мен Өзбекстан шекарасындағы Қапланбек өткізу бекетінде көліктердің ұзын кезегі пайда болды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Кептеліс Қазақстаннан Өзбекстанға өтетін бағытта тіркелген. Қазіргі уақытта шекара қызметі жағдайды тұрақтандыру үшін қосымша шаралар қабылдап жатыр.

