Басты тақырып

Қазақстан мен Түркия: энергетикадағы жаңа бірлескен жобалар

Қазақстан мен Түркия энергетика саласында бірлескен жобаларды жүзеге асыруға ниетті. Мемлекет басшысы Түркия Президентімен келіссөз кезінде осы мәселеге ерекше тоқталды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Тараптар мұнай-газ және жаңартылатын энергия көздерін бірлесіп дамыту мүмкіндігін талқылады. Бұл бағыттағы жобалар екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға септігін тигізеді.

«Біз энергетика кешеніндегі серіктестікті жаңа деңгейге көтеруге дайынбыз», — деді Қазақстан Президенті.

Кездесуде сондай-ақ көлік және логистика салаларындағы бірлескен жобалар да сөз болды. Екі ел арасындағы тауар айналымын арттыру мақсатында жаңа бағыттар ашу жоспарлануда.

Көп оқылғандар