Сурет: Ақорда
Мемлекет басшысы Қытайдың Шанхай қаласына сапары кезінде елдің жетекші бизнес өкілдерімен кездесті. Президент Қазақстан мен Қытай Еуразиядағы жаңа технологиялық дәуірдің келбетін бірге қалыптастыра алатынына сенім білдірді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Президент Қазақстанның қытайлық инвесторлар үшін қолайлы бизнес орта қалыптастыруға дайын екенін жеткізді.
Қазақстан қытайлық инвесторлар үшін әрдайым қолайлы бизнес орта жасауға дайын. Біз инвестицияларды қорғауға заң жүзінде кепілдік береміз. Заманауи инфрақұрылым мен білікті кадрлар ұсынып, жан-жақты мемлекеттік қолдау көрсетеміз. Мақсатымыз – тек капитал тарту емес. Біз жаңа технологияларды бірлесіп әзірлеуге, ғылыми зерттеу орталықтарын құруға, жаңа өндірістік тізбек қалыптастыруға және болашақтың бағдары – білім экономикасын алға бастайтын адам капиталын дамытуға ұмтыламыз. Бүгінгі басқосуымыз жаңа бірлескен жобаларға, ауқымды инвестицияларға жол ашады деп сенемін! — деді Президент.
Жиында ҚХР өнеркәсіп және ақпараттандыру министрі Ли Лэчэн мен CITIC Group, 01AI, Huawei Technologies, Agibot, Goldcard Smart Group, Ningbo Hoshine Group, YTO Express және Xinjiang Lihua (Group) компанияларының басшылары сөз сөйлеп, Қазақстанмен инвестициялық және технологиялық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады.
Мазмұнға өту
