Сурет: Видеодан алынған кадр
Астанада жол-көлік оқиғасынан зейнеткер әйел зардап шекті. Оқиға 13 маусымда Сәтбаев көшесіндегі аялдама маңында болды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, Yutong автобусының жүргізушісі аялдамаға кіре бергенде жолдың жүру бөлігінде тұрған жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Жарақат алған әйел ауруханаға жатқызылды.

