Сурет: Aikyn.kz
Ұлттық статистика бюросының алдын ала дерегі бойынша, 2026 жылдың қаңтар-қазан аралығында Қазақстандағы ЖІӨ-нің нақты өсімі 4,5%-ды құрады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі. Бұл көрсеткіш 9 айдағы деңгейден 0,3 пайыздық тармаққа жоғары.
Экономикалық өсімге басты үлесті шикізаттық емес сектор қосты — алдын ала бағалау бойынша ол 5,6%-ға өскен. Өнеркәсіптік өндіріс көлемі 3,5%-ға артты.
Өңдеуші сектордың өсу қарқыны тоғыз айдағы 8,6%-дан он айда 9,3%-ға дейін жеделдеді. Оның ішінде ең жоғары қарқын машина жасауда (22,2%), фармацевтикада (50,9%), дайын металл бұйымдарын өндіруде (30,4%), химия өнеркәсібінде (21,9%), резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіруде (18,1%), тамақ өнімдерінде (13%), құрылыс материалдарында (5,4%) тіркелді.
Салалар бөлінісінде құрылыста өсім 13,1%, көлік және қоймада 7,5%, саудада 6,2%, ауыл шаруашылығында 5,2%, байланыста 4,9% болды.
Мазмұнға өту
