Басты тақырып

Қазақстан білім беру көрсеткіші бойынша Орталық және Оңтүстік Азияда көш бастады

Сурет: Оқу-ағарту министрлігі

Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде білім сапасын арттыру, заманауи мектеп инфрақұрылымын дамыту және педагогтер әлеуетін нығайту бағытындағы реформалар жүйелі жүргізіліп келеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

2025 жылғы Жаһандық инновациялар индексінің қорытындысы бойынша Қазақстан Орталық және Оңтүстік Азия елдері арасында «Білім беру» көрсеткішінен бірінші орынды иеленді. Әлемдік рейтингте еліміз 68-орынға тұрақтады.

Халықаралық менеджментті дамыту институтының (IMD) Әлемдік бәсекеге қабілеттілік рейтингінде де оң өзгеріс бар. «Білім беру» көрсеткіші бойынша Қазақстан 69 елдің ішінде 2021 жылғы 45-орыннан 2025 жылы 38-орынға көтеріліп, соңғы бес жылдағы ең үздік нәтижесіне қол жеткізді.

Сонымен қатар орта білім беру жүйесіндегі оқушылар мен педагогтер санының арақатынасы бойынша еліміз 69 ел арасында екінші орынды иеленді. IMD-ның Әлемдік таланттар рейтингінің дерегіне сәйкес, Қазақстанда бір педагогке 8,34 оқушыдан келеді.

Білім инфрақұрылымын дамыту жұмыстары да жалғасуда. Мемлекет басшысының бастамасымен іске асқан «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 460 мың оқушы орнына арналған 217 заманауи мектеп салынды. Педагогтерді қолдау шаралары жетілдіріліп, білім сапасын арттыруға қажетті жағдайлар жасалуда.

Халықаралық рейтингтердің көрсеткіштері Қазақстанның білім саласындағы орнын айқындап, адами капиталды нығайтуда білім жүйесін жүйелі дамытудың маңызын көрсетеді.

Көп оқылғандар