Categories Жайық news

Қазақстан банктерінде биометрия ережесі қатайды: Енді камера алдында үш түрлі қимыл жасау міндеттелді

Қазақстан банктерінде клиенттің жеке басын биометрия арқылы растаудың жаңа ережелері күшіне енді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Жаңа тәртіп бойынша, адамның тұлғасын растау оның бет-бейнесі арқылы төрт кезеңмен жүргізіледі. Олар: сол сәттегі суретін түсіру, жеке сәйкестендіру деректерін алу, базадағы эталондық суретін шығару және екеуін салыстыру.

Ең басты жаңалық – алаяқтықтан қорғану шараларының күшейтілуі. Енді клиент камера алдында кемінде үш түрлі қимыл (мысалы, басын бұру, көзін жыпылықтату немесе бет-әлпетін өзгерту) жасауы тиіс. Бұл шара біреудің суретін немесе видеосын пайдалану арқылы жасалатын алаяқтықтың алдын алу үшін енгізілді.

Егер жүйе сәйкессіздік анықтаса, рәсім қайталанады. Үш реткі әрекет те сәтсіз болса, тексеруден өте алмады деп есептеледі. Банктер барлық деректің шифрланатынын және бағдарламалық жасақтаманың бұзудан толық қорғалғанын айтады.

Қызметке рұқсат беру немесе бермеу туралы соңғы шешімді әр банк немесе микроқаржы ұйымы өзінің ішкі критерийлеріне сүйеніп қабылдайды.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Баспана, медициналық көмек және жеңілдіктер: мәдениет саласындағы әлеуметтік қолдау тетіктері

Елімізде мәдениет саласы қызметкерлерін әлеуметтік қолдау бағытындағы шаралар кезең-кезеңімен күшейтіліп жатыр. Аталған бағыттағы жұмыстар Мемлекет…

Студенттер экологиялық сағат өткізді  

Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай Батыс Қазақстан облысы бойынша Экология департаменті Жәңгір хан атындағы…

Астанада дрон көмегімен заңсыз топырақ ұрлағандар анықталды

Астана полициясы дрон арқылы мониторинг жүргізіп, Айтматов көшесінде топырақ ұрланып жатқанын анықтады.