Categories Әлем

Қазақстан 2026-2027 жылдары жеті әлем чемпионатын өткізеді

Сурет: istockphoto

Қазақстан 2026-2027 жылдары жеті әлем чемпионатын өткізу құқығына ие болды. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Биыл елімізде күрес түрлерінен әлем чемпионаты өтсе, 2027 жылы Астана қаласы олимпиадалық және олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша алты бірдей әлем чемпионатын қабылдайды.

Атап айтқанда, 2027 жылы шорт-тректен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты 28-31 қаңтар аралығында өтеді. Одан кейін 10-26 сәуір күндері бокстан, 22-30 мамырда үстел теннисінен, 7-14 маусымда дзюдодан және 7-13 шілдеде таеквондодан әлем чемпионаты ұйымдастырылады. Ал киберспорттан әлем чемпионатының нақты мерзімі алдағы уақытта жарияланбақ.

«Тәуелсіз Қазақстан тарихында алғаш рет еліміз екі жыл ішінде жеті әлем чемпионатын өткізу құқығына ие болды. Бұл – Қазақстанның спорт инфрақұрылымы мен ұйымдастырушы әлеуетінің жоғары деңгейде екенін айғақтайтын маңызды жетістік. Сонымен қатар бұл әлемдік спорт қауымдастығы алдындағы зор жауапкершілікті де білдіреді», делінген Туризм және спорт министрлігінің хабарламасында.

Ұқсас жазбалар

Дамаскіде Макрон тоқтаған қонақүй маңында жарылыс болды

Дамаскіде Франция президенті Эммануэль Макрон тоқтаған қонақүй маңында жарылыс болды. Елисей сарайы президенттің зардап шекпегенін…

Еуропада өте қауіпті жұқпалы инфекция жаппай тарай бастады

Еуропада адам өміріне қауіп төндіретін жұқпалы инфекция кеңінен таралуда.

Бішкек тұрғындарына үш күнге қаладан кету ұсынылды

Қырғызстан Президентінің баспасөз хатшысы Асқат Алагөзов Бішкек тұрғындарына 30-31 тамыз және 1 қыркүйек күндерін Ыстықкөлде…