Басты тақырып

Қасым-Жомарт Тоқаев Кения Президентіне «Достық» орденін табыс етті

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Кения басшысы Уильям Рутоға І дәрежелі «Достық» орденін тапсырды. Бұл марапат – екі ел арасындағы достық пен ынтымақтастықтың жоғары бағасы, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Салтанатты рәсім Астанада өтті. Мемлекет басшысы Қазақстан мен Кения арасындағы қарым-қатынастың дамуына қосқан үлесі үшін Уильям Рутоны марапаттады.

«Біздің ынтымақтастығымыз жаңа деңгейге көтерілді. Осы орден – достығымыздың беріктігін көрсетеді», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Өз кезегінде Кения Президенті марапат үшін алғыс білдіріп, екіжақты байланысты нығайтуға ниетті екенін жеткізді.

Көп оқылғандар