Categories Жайық news

Қарағандыда анасы мен қызын өлтіріп кетті: Полиция күдіктіні анықтады

Қарағандыдағы пәтерлердің бірінен 38 жастағы әйел мен оның кәмелетке толмаған қызының зорлық-зомбылық белгілері бар денесі табылды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Полицияның мәліметінше, марқұмдардың денесінде кісі қолынан қаза тапқанын айғақтайтын белгілер болған. Осы жантүршігерлік оқиғаға байланысты дереу қылмыстық іс қозғалды.

Облыстық полиция департаменті күдіктінің жеке басы анықталғанын хабарлады. Қазіргі уақытта оны ұстау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Қылмыстың себеп-салдары мен басқа да мән-жайлары тергеу барысында анықталады.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

НАРИМАН ТӨРЕҒАЛИЕВ: BATYS AGROHUB ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАСЫ – БАРЛЫҚ АУДАНҒА ҮЛГІ БОЛАРЛЫҚ БЕРЕКЕЛІ БАСТАМА

Облыс әкімі Нариман Төреғалиев Бөрлі ауданына жұмыс сапары аясында Пугачево ауылындағы агробизнес орталығына барды. Batys…

АҚСАЙ ҚАЛАСЫНДА ЖАҢҒЫРТЫЛҒАН ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Ақсай қаласында толық жаңғыртылған «Қазақстан» теміржол вокзалының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға облыс әкімі Нариман…

БҚО-ДА СЕМИГЛАВЫЙ МАР СТАНЦИЯСЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Батыс Қазақстан облысындағы ең көне вокзал ғимараты сүріліп, жаңадан салынды. Тасқала ауданындағы Семиглавый Мар станциясының…