Сурет: magnific.com
«Қазгидромет» синоптиктері 15 қарашаға арналған ауа сапасы болжамын жариялады. Қолайсыз метеорологиялық жағдайларда елді мекендерде атмосфералық ауа сапасының нашарлауы мүмкін, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — тымық ауа райы, әлсіз жел, тұман және инверсия сияқты қысқамерзімді метеофакторлардың жиынтығы, олар атмосфераның беткі қабатында зиянды заттардың жиналуына ықпал етеді.
«15 қарашада Қарағанды, Жезқазған, Теміртау, түнде Көкшетау қалаларында атмосферада ластаушы заттардың жиналуына қолайлы метеорологиялық жағдайлар күтіледі», делінген хабарламада.
Бұған дейін Қарағанды облысы бойынша Экология департаменті жоспардан тыс тексеру барысында «Қарағанды Су» кәсіпорнына 10 млн теңгеге жуық айыппұл салғаны туралы хабарланған болатын.
Еске салайық, 2025 жылдың үшінші тоқсанында Қазақстанның 70 елді мекеніндегі атмосфералық ауаны бақылау қорытындысы бойынша ауа сапасы төмен 6 елді мекен анықталды: Қарағанды, Сәтпаев, Ақтөбе, Құлсары және Астана қалалары, сондай-ақ Шұбаршы кенті.
Айта кетейік, Үндістанның бас шаһары Дели ауаның ластану деңгейі бойынша Пәкістанның Лахор қаласынан озып, әлемдегі ірі қалалар арасында бірінші орынға шықты.
Мазмұнға өту
