Сурет: ашық дереккөз
Газа секторында респираторлық инфекциялармен ауыратындар саны артып келеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, босқындардың ондаған мың шатырын нөсер жаңбыр басып, жағдай күрт нашарлаған. Қазір су тасқыны қаупі бар аймақта миллионға жуық адам тұрып жатыр.
Ылғалдылық пен уақытша баспаналардың шамадан тыс толып кетуіне байланысты ауру жұқтыру көрсеткіші өткен жылмен салыстырғанда 33 мың жағдайға өскен.
Мамандардың ескертуінше, күн суытқан сайын зең мен ластанған су түрлі аурулардың одан әрі таралуына ықпал етуі мүмкін.
Жағдайды зертханалық жабдықтар мен реагенттердің тапшылығы да қиындатып отыр. Олардың жетіспеушілігінен дәрігерлер ауруды дер кезінде анықтап, емдеуді бастауға қиналуда.
Еске салайық, Конгода Эбола вирусын жұқтырғандар саны 11 мыңнан асқан. Сондай-ақ Қытайда кене арқылы тарайтын жаңа вирус анықталды.
Мазмұнға өту
