Сурет: ашық дереккөз
Елордалық полицейлер әлеуметтік желілерге жүргізген мониторинг барысында TikTok платформасындағы тікелей эфирде қоғамдық тәртіптің бұзылғанын анықтады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
18 жастағы Жанарыс Жұмабай онлайн-трансляция кезінде көпшілік алдында балағат сөздер айтып, жалпыға ортақ мінез-құлық нормаларын бұзған. Бұл факті бойынша ол ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сот қаулысымен жігітке 10 тәулік мерзімге қамауға алу жазасы тағайындалды. Полиция барша азаматты «Заң мен тәртіп» қағидатын қатаң сақтауға шақырады.
Бұған дейін Маңғыстау облысының 21 жастағы тұрғыны TikTok желісіндегі тікелей эфир кезінде бейәдеп сөздер айтқаны үшін 7 тәулікке әкімшілік қамауға алынған болатын. Сондай-ақ Астанада қоғамдық орында балағат сөз айтқан 56 жастағы әйел әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оқиға түсірілген видео Threads әлеуметтік желісінде таралған.
Мазмұнға өту
