Әлем

Путин Қытайға барды: екі күнде 40 құжатқа қол қойылады

Ресей президенті Владимир Путин Қытайға екі күндік ресми сапармен келді. Бұл – АҚШ-тың жаңа президенті Дональд Трамп сайланғаннан кейінгі Путиннің алғашқы шетелдік сапары.

Путинді Қытай басшысы Си Цзиньпин шақырған. Кремльдің мәліметінше, сапар барысында екі ел арасында 40-қа жуық құжатқа қол қойылмақ.

Сапардың мақсаты – Ресей мен Қытай арасындағы стратегиялық әріптестікті нығайту. Бұл әсіресе Трамптың келуімен өзгерген геосаяси жағдайда маңызды, – деді Кремль өкілі.

Сарапшылардың пікірінше, Путиннің бұл сапары Ресей мен Қытайдың Батысқа қарсы одағын одан әрі бекіте түседі. Қол қойылатын құжаттардың дені экономикалық ынтымақтастыққа қатысты.

, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Көп оқылғандар