Басты тақырып

Президент: Жаңа Ата заңда тұңғыш рет білім саласына айрықша мән берілді

Сурет: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық тамыз конференциясында жаңа Конституцияда білім саласына алғаш рет ерекше мән берілгенін атап өтті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Президент биылғы конференцияның еліміздегі ауқымды өзгерістер кезеңімен тұспа-тұс келгенін айтты.

«Бәріміз бір ел болып, түбегейлі реформаларды ойдағыдай жүзеге асырдық. Наурыз айында өткен жалпыұлттық референдум нәтижесінде жаңа Халық Конституциясы қабылданды. Тұтас қоғам қолдаған Ата заң бірінші шілде күні күшіне енді. Бұл – еліміз үшін маңызы ерекше тарихи оқиға. Бас құжатта тұңғыш рет білім саласына айрықша мән берілді, яғни адам капиталын, білімді, ғылымды, инновацияны дамыту еліміздің стратегиялық бағыты ретінде айқындалды», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Еске сала кетейік, бүгін 26 тамызда елордада республикалық тамыз конференциясы өтті. Биылғы ұстаздар жиыны «Адам капиталы, білім, прогресс – Халықтық Конституцияның негізгі құндылықтары» тақырыбына арналды.

Көп оқылғандар