Сурет: Ақорда
Мемлекет басшысының өкімімен Қорғаныс министрлігіндегі бірқатар лауазымды тұлға қызметінен босатылды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қаныш Асанханұлы Әбубәкіров Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы қызметінен босатылды.
Алмаз Дженишевич Джумакеев Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымынан босатылды.
Қанат Серікқалиұлы Ниязбеков Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы қызметінен босатылды.
Бұған дейін Мемлекет басшысының Жарлығымен Дәурен Жұматайұлы Қосанов Қорғаныс министрі лауазымынан босатылғанын, ал бұл қызметке Айдос Мырзахметов тағайындалғаны хабарланған болатын.
