Басты тақырып

Президент Малайзия Премьер-министрін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Сурет: aqorda_resmi

Қасым-Жомарт Тоқаев Малайзия Премьер-министрі Ануар Ибрагимді және оның отандастарын ұлттық мереке – Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысы Қазақстанның Малайзиямен достық қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға ерекше мән беретінін атап өтті. Сондай-ақ, ортақ күш-жігердің арқасында екіжақты ынтымақтастық болашақта да халықтар игілігі үшін тұрақты дамитынына сенім білдірді.

Президент Ануар Ибрагимге игі бастамаларында сәттілік, ал Малайзия халқына бақ-береке тіледі.

Көп оқылғандар