Сурет: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 26-отырысына және «ШЫҰ+» форматындағы кездесуге қатысу үшін Бішкек қаласындағы «Ырыс Ордо» конгресс-холына барды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Қасым-Жомарт Тоқаевты Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров қарсы алды. Саммит отырысы алдында ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары бірге суретке түсті.
Еске сала кетейік, кеше Мемлекет басшысы Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровтың шақыруымен Бішкек қаласына жұмыс сапарымен барды. Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты.
Сондай-ақ Ресей Президенті Владимир Путин мен Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиевпен кездесті.
