Сурет: Президент Телерадиокешені
Мемлекет басшысы асыл тұқымды Ақалтеке жылқыларын тамашалады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Президент Телерадиокешенінің мәліметінше, Қасым-Жомарт Тоқаев жақында құлындаған екі биенің төлін көріп, жаңа туған құлындарға Ақниет және Бөрте деген аттарды қойды.
Президент «Ер жетіліп, бас болар, тай жетіліп, ат болар» деген қазақы тәмсілді еске салып, жас арғымақтардың желмен жарысқан жүйрік болуын тіледі.
Бұған дейін Президент тазы мен төбетті ұлттық бренд ретінде кеңінен насихаттау жөнінде тапсырма берген еді.

