Әлем

Португалия мен Колумбия тең ойнап, плей-оффқа жолдама алды

Сурет: Egemen Qazaqstan

Португалия мен Колумбия құрамалары әлем чемпионатының K тобындағы соңғы матчта 0:0 есебімен тең түсті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Португалия капитаны Криштиану Роналду мундиалдағы 25-ші матчын өткізіп, бұл көрсеткіш бойынша екінші орынға көтерілді. Ол тек Аргентина капитаны Лионель Мессиден (28 матч) ғана қалып тұр.

Топтық кезең қорытындысы бойынша 7 ұпай жинаған Колумбия бірінші орын алса, 5 ұпай еншілеген Португалия екінші орынмен 2026 жылғы әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне өтті.

Көп оқылғандар