Әлем

Польшада екі пойыз соқтығысып, 10-нан астам адам жарақат алды

Сурет: Egemen Qazaqstan

Польшаның батысындағы Белошливе елді мекенінде екі пойыз соқтығысып, 10-нан астам адам жарақат алды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, оқиға Ұлы Польша воеводалығында жергілікті уақыт бойынша шамамен сағат 18:00-де болған. Екі пойызда жалпы саны 200-ге жуық жолаушы болған.

Апат салдарынан вагондардың бірі рельстен шығып кеткен. Үш жолаушы ауруханаға жеткізілді. Оқиға орнына келген төтенше жағдайлар қызметінің мамандары құтқару жұмыстарын жүргізіп, жағдайды бағалады.

Көп оқылғандар