Categories Жайық news

Петропавлда «жеңіл ақша» тапқысы келген жігіт 12 жылға сотталуы мүмкін

Петропавлда синтетикалық есірткі сатумен айналысқан 33 жастағы қала тұрғыны қылмыс үстінде ұсталды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Полиция қызметкерлері күдіктіні 3-ші қалалық аурухана маңында қолға түсірген. Жеке тінту кезінде оның жанынан 22 түйіншек есірткі табылды.

Кейін күдіктінің өз жауабы арқылы жасырын қоймадан тағы үш түйіншек тәркіленді. Сот-медициналық сараптама бұл аса қауіпті α-PVP психотропты заты екенін, ал жалпы салмағы 25 грамды құрайтынын растады.

Тергеу барысында оның бұл заңсыз «бизнесті» өткен жылдың қараша айынан бері жүргізіп келгені белгілі болды.

Енді оған аса ірі мөлшерде есірткі сатқаны үшін 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Қазталов ауданында Эйфель мұнарасының көшірмесі пайда болады

Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданындағы Жалпақтал ауылында Эйфель мұнарасының көшірмесі тұрғызылады.

Астанада заңсыз көпқабатты үй құрылысы тоқтатылды: әкімдік неге араласты?

Астананың «Нұра» ауданында заңсыз көппәтерлі үй құрылысы тоқтатылды. Мердігер рұқсатсыз жұмыс жүргізген.

«Орал–Атырау» тасжолы орташа жөндеуден өтуде  

Республикалық маңызы бар «Орал–Атырау» тасжолының жалпы ұзындығы 500 шақырымға жуықтаса, БҚО-дағы бөлігі 303 шақырымды құрайды.…