Сурет: minval.az
Армения премьер-министрі Никол Пашинян Армения мен Әзербайжан арасындағы ұзақ жылдарға созылған қақтығыс кезеңі аяқталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Пашинян бұл туралы 2025 жылғы 8 тамызда Вашингтонда АҚШ президенті Дональд Трамптың қатысуымен өткен үшжақты кездесудің бір жылдығы қарсаңында өзінің Telegram-арнасында жазды. Сол кездесуде Баку мен Ереван арасындағы бейбіт келісім жобасы парафирленген болатын.
Армения үкіметінің басшысы 2025 жылды екі ел арасындағы қатынастар үшін бетбұрыс кезеңі болды деп атады. Оның сөзінше, 8 тамызда Вашингтонда «Бейбітшілік декларациясы» деп аталатын бірлескен құжатқа қол қойылған.
«Содан бері Армения мен Әзербайжан арасында бейбітшілік орнады және мұны барлығы сезініп отыр», деді Пашинян.
Ол жазбасында Вашингтонда парафирлеген бейбітшілік орнату және мемлекетаралық қатынастар туралы келісім енді қол қою мен ратификациялау рәсімдерінен өтуі тиістігін атап өтті.
Еске сала кетейік, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Никол Пашинянды Армения Премьер-министрі лауазымына қайта тағайындалуымен құттықтап, қызметіне табыс тілеген еді.
Мазмұнға өту
