Categories Әлем

Пәкістан әскери делегациясы Астанадағы BESQARU зауытының өнімін жоғары бағалады

Сурет: Egemen Qazaqstan

Пәкістан Ислам Республикасының Қазақстандағы Елшілігінің әскери атташесі бастаған делегация Астанадағы BESQARU зауытына барды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Қонақтарға кәсіпорынның өндірістік қуаты, технологиялық үдерістері және елордада шығарылатын доңғалақты броньды техника таныстырылды. Делегация AIBAR 4×4 броньды автомобилімен танысты. Бұл техника қазірдің өзінде Пәкістан тарапында пайдаланылып келеді. Сондай-ақ қонақтарға VN-11 жауынгерлік модулімен жабдықталған TAIMAS 8×8 жүзбелі жауынгерлік жаяу әскер машинасы көрсетілді.

Пәкістандық тарапқа «Ураган» дүркіндеп оқ ататын реактивті жүйесі, өздігінен жүретін артиллериялық қондырғыларды жаңғырту жобалары және радиоэлектрондық күрес саласындағы әзірлемелер таныстырылды.

Бұл сапар Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Пәкістанға мемлекеттік сапары барысында қол жеткізілген келісімдердің жалғасы болды. Сол кезде BESQARU зауыты мен пәкістандық компания ынтымақтастық туралы келісімге қол қойып, қазақстандық доңғалақты броньды техниканы Пәкістан нарығында ілгерілетуге уағдаласқан еді.

Кездесуде тараптар техниканы сатып алу және сынақтан өткізу перспективаларын, сервистік қызмет көрсетуді ұйымдастыру, техникалық қолдау және мамандарды оқыту мәселелерін талқылады.

BESQARU зауыты Астанада 2025 жылы ашылған. Қазір кәсіпорын базасында броньды техниканы, артиллериялық жүйелерді және радиоэлектрондық күрес кешендерін өндіру мен жаңғырту жобалары жүзеге асырылуда.

Ұқсас жазбалар

Бұрын Өзбекстанға қараған екі ауыл ресми түрде Қырғызстан құрамына енді

Өзбекстанмен мемлекеттік шекараны демаркациялау аясында бұрын сол елдің аумағында болған екі елді мекен тұрғындарымен бірге…

Францияда аптап ыстықтан 18 адам қаза тапты

Францияда аптап ыстықтан 18 адам қаза тапты. Қаза болғандардың арасында екі бала бар. Бордо мен…

Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер отставкаға кететінін мәлімдеді

Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер жергілікті сайлаудағы көңілсіз нәтижелерден кейін партия жетекшісі қызметінен кететінін мәлімдеді.