Categories Жайық news

Отбасы банк маңызды жаңалық жариялады: Баспанада үлесі барлар енді кезектен шығарылмайды

Ақпан айынан бастап Қазақстанда баспана кезегіне қатысты ережелер өзгереді. Енді азаматтардың меншігінде басқа тұрғын үйде үлесі болса да, олар мемлекеттік қолдау кезегінен шығарылмайды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Бұған дейін жылжымайтын мүлікте аз ғана үлесі бар адамдардың өзі мемлекеттік бағдарламаларға қатысу мүмкіндігінен айырылатын. Бұл көптеген азаматтың наразылығын тудырған еді.

«Енді үлестік меншігі бар азаматтар мемлекеттен жеңілдетілген ипотека немесе жалдамалы пәтер алуға үміттене алады. Бұл мәселе көптен бері заңнамалық тұрғыда реттелмей келген. Алайда азаматтардың көптеген өтінішін ескеріп, осындай шешім қабылданды», — деп түсіндірді «Отбасы банк» өкілдері.

Жаңа ереже көптен күткен баспанасына қол жеткізе алмай жүрген мыңдаған қазақстандыққа үміт сыйлап отыр.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Қазталов ауданында Эйфель мұнарасының көшірмесі пайда болады

Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданындағы Жалпақтал ауылында Эйфель мұнарасының көшірмесі тұрғызылады.

Астанада заңсыз көпқабатты үй құрылысы тоқтатылды: әкімдік неге араласты?

Астананың «Нұра» ауданында заңсыз көппәтерлі үй құрылысы тоқтатылды. Мердігер рұқсатсыз жұмыс жүргізген.

«Орал–Атырау» тасжолы орташа жөндеуден өтуде  

Республикалық маңызы бар «Орал–Атырау» тасжолының жалпы ұзындығы 500 шақырымға жуықтаса, БҚО-дағы бөлігі 303 шақырымды құрайды.…