Сурет: Egemen Qazaqstan
АҚШ президенті Дональд Трамп Иранды Ормуз бұғазында кемелерге дрон шабуылын жасады деп айыптады. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Трамптың айтуынша, Иран Ормуз бұғазы арқылы өтіп бара жатқан кемелерге кемінде төрт камикадзе-дрон ұшырған. Ұшқышсыз ұшу аппараттарының бірі «ірі әрі өте қымбат жүк кемесінің» жоғарғы палубасына тиген. Салдарынан кеме зақымданғанымен, бағытын жалғастыра алған. Қалған үш дрон әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері тарапынан атып түсірілген.

