Әлем

Ормұз бұғазында кеме қатынасы тоқтап, мұнай бағасы қымбаттауы мүмкін

Сурет: AlJazeera

Ормұз бұғазында кеме қатынасы тоқтап қалды. Апта басынан бері бұғаз арқылы бақылау жүйелері қосулы бірде-бір ірі кеме өтпеген. Қақтығысқа дейін бұл бағытпен тәулігіне шамамен 130 кеме жүрсе, қазір олардың саны санаулы ғана, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Сарапшылардың айтуынша, жүк тасымалдаушы компаниялар сақтық стратегиясына көшкен. Танкерлерге шабуыл жасалу қаупіне байланысты кейбір компаниялар балама бағыттарды қарастыра бастады.

Иран АҚШ-тың соққыларына жауап ретінде Бахрейн, Кувейт, Қатар және басқа елдердегі америкалық әскери нысандарға шабуыл жасағанын мәлімдеді.

Шиеленістің күшеюіне қарамастан, мұнай бағасы әзірге тұрақты. Дегенмен сарапшылар мұнай қорының азаюы мен жеткізу тізбегіндегі іркілістерге байланысты жазда бір баррель мұнайдың бағасы 10-15 АҚШ долларына қымбаттауы мүмкін екенін ескертеді.

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Иранмен арадағы бітімнің аяқталғанын мәлімдеп, Тегеранмен келіссөз жүргізгісі келмейтінін айтқан еді.

Көп оқылғандар