Жайық news

Оралда жұмысшы мамандықтар жылы аясында инновациялық көрме өтті

 

Орал қаласында Қазақстан мен Ресейдің XXI өңіраралық ынтымақтастық форумы шеңберінде еңбек нарығына бағытталған көрме ұйымдастырылды.

Көрмеге еліміздің ірі компаниялары, жергілікті өндіріс орындары және өңірдің 14 колледжі қатысты. Қатысушылар келушілерге жасанды интеллект технологиялары қолданылған жаңа өнімдер мен стартап жобаларын таныстырды.

Шара барысында цифрландыру, энергетика, көлік және логистика, ауыл шаруашылығы салаларына арналған арнайы экспозициялар қойылды. Көрменің басты мақсаты — жұмысшы мамандықтарының маңызын арттыру және заманауи технологияларды кәсіби білім беру жүйесіне енгізу.

Сурет: Орал қ. әкімдігі

Көп оқылғандар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *